Екібастұз ауруханасында рентген машинасы өртеніп кетті

0
425

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті сағат 12:26-да оқшаулап, екі минуттан кейін сөндірді.


Екібастұз ауруханасында рентген машинасы өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Екібастұз ауруханасында рентген машинасы өртенді. Науқастар мен медицина қызметкерлері эвакуацияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 17 тамызда сағат 12:00 шамасында Екібастұз қаласының ауруханасында бірінші қабаттағы терапевтік корпуста өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Қысқа тұйықталу салдарынан кескінді айқындайтын машинадан өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті сағат 12:26-да оқшаулап, екі минуттан кейін сөндірді.

«Науқастар мен медицина қызметкерлері эвакуацияланып, көрші корпустарға ауыстырылды, олардың арасында зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жалпы 75 адам эвакуацияланды. Оқиға орнына алты техника және жеке төтенше жағдай департаментінің құрамның 33 адамы жұмылдырылды.