Екібастұздың жылу электр орталығын меншік иесі жөндесін – Тоқаев

0
632

​Президент соңғы уақытта болған апаттардан әкімдер мен министрлер, ең бастысы, меншік иелері тиісті қорытынды жасаған жоқ деді.


Екібастұздың жылу электр орталығын меншік иесі жөндесін – Тоқаев

ERNUR.KZ. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен елдегі коммуналдық мәселелерді көтеруге мәжбүр болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Бірінші, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешу қажет. Негізі, бұл – ауыл мен қаланың ауқымында шешіле беретін тұрмыстық мәселе. Бірақ біз оны Үкіметтің деңгейінде қарауға мәжбүрміз. Өйткені, осы саладағы төтенше оқиғалар тым көп болып кетті. Петропавлда, Теміртауда, Степногорскіде, Балқашта, Қарағандыда, Ақтөбеде және Риддерде апаттар болды. Бірақ соның ешқайсысынан әкімдер мен министрлер, ең бастысы, меншік иелері тиісті қорытынды жасаған жоқ», - деді Тоқаев.

Ал, мемлекетке 1 теңгеге сатпақ болған Екібастұз жылу электр орталығының меншік иесіне қатысты мәлімдеме жасаған Президент жөндеу жұмыстарын сол тұлғаға арту керек деген тапсырма берді.

«Бұл нысанға тәуелсіз аудит жүргізу керек. Әбден тозған орталықты мемлекет тиімді басқара ала ма, ең алдымен, осыны зерттеу керек. Кәсіпорынның 50 пайызын алып, меншік иесіне Жылу электр орталығын күрделі жөндеуден өткізуді тапсырған жөн», - деді Тоқаев.