Елбасы праймеризде дауыс берді

0
686

Назарбаев партияның барлық мүшесін дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.


Елбасы праймеризде дауыс берді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan праймеризінде онлайн-дауыс берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.


"Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймеризде онлайн дауыс беруге қатысты. Елбасы дауыс беру басталар алдында партияішілік іріктеуге қатысушылардың үгіт-насихаты мен жария пікірсайыстарын мұқият қадағалағанын атап өтті", - деп жазды Үкібай Twitter парақшасында.

Елбасы партияның барлық мүшесін дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.




Айта кетейік, праймеризге 1 қазаннан (00.00) 3 қазанға (14.00) дейін мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы электронды түрде дауыс беруге болады. Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылды. Интернет жоқ елді мекендерде қағаз бюллетеньдер бойынша дауыс бере алады.

Праймериз қорытындысы 5 қазанда жарияланады.