Елбасының шешімімен Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековтің өкілеттігі ұзартылды

0
1 061

2018 жылдың соңында Нұрсұлтан Назарбаев Махмұд Қасымбековтің өкілеттігін 2019 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартқан болатын.


Елбасының шешімімен Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековтің өкілеттігі ұзартылды

фото: ашықдереккөзден

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Махмұд Қасымбековтің өкілеттігі ұзартылды, деп хабарлады ERNUR.KZ Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының шешімімен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы кеңсесінің басшысы Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековтің өкілеттігі 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды", - деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың соңында Нұрсұлтан Назарбаев Махмұд Қасымбековтің өкілеттігін 2019 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартқан болатын.

Махмұд Қасымбеков 1952 жылы Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын орта мектепте бастаған, 80 жылдардың соңында Қазақстан коммунистік партиясының орталық комитетінде қызмет етті. 1996 жылы Қазақстан президенті кеңсесінің меңгерушісі болды, ал 2004 жылы кеңсе бастығы болып тағайындалған.

Қасымбеков ғылым, техника және білім саласы бойынша Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. "Құрмет" ордені және басқа марапаттардың иегері. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі.