Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
ERNUR.KZ. Елдегі ең төменгі жалақы көлемі өзгермейді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
"Қазір біздің алдымызда ең төменгі жалақыны көтеру жоспары тұрған жоқ. Бүгінде ең төменгі жалақы мөлшері – 85 мың теңге, әзірге оны арттыруды қарастырып отырған жоқпыз", – деді Серік Жұманғарин Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.
Бұл шешімге Қаржы министрі Мәди Тәкиев те қарсылық білдірмеді. Бірақ, нақты есептеу жүргізілгеніне назар аударды.
"Біз есептегенде, барлық көрсеткіш қарасақ, орташа, минималды мөлшер шамамен 90 мың теңге болуы керек. Бірақ, жағдайды ескере отырып, қазіргі деңгейде қалдыруды жөн көрдік", – деп қосты ол.