Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі хабарлады.
фото: primeminister.kz
ERNUR.KZ. Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Қазақстанның құрылыс саласындағы өсу қарқыны сөз болды, деп жазады inbusiness.kz.
Серік Жұманғариннің сөзінше, құрылыс саласы ел экономикасында тұрақты өсім көрсетіп отыр.
– Құрылыс жұмыстарының өсуі 18,5%-ға дейін жеделдеді. 9,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 5,2%-ға артық, – деді Премьер-министрдің орынбасары.
Осыған дейін Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз қалғаны белгілі болды.