Елімізде айыппұлдардың көлемі қалай өзгерді

0
214


Елімізде айыппұлдардың көлемі қалай өзгерді

ERNUR.KZ. Елімізде айыппұлдардың көлемі өседі. 2025 жылы айлық есептік көрсеткіш көтерілгеннен кейін айыппұлдардың көлемі де артады, деп жазады baq.kz.

Себебі оны да АЕК-пен есептейді.

көлік рөліне жүргізу куәлігінсіз отырғаны үшін 5 АЕК – 19 660 теңге (2024 жылы - 18 460 теңге);

полицияға бағынбағаны үшін 40 АЕК - 157 280 теңге (2024 жылы - 147 680 теңге);

көлікпен жаяу жүргіншілер жолағымен жүргені үшін 15 АЕК – 58 980 теңге (2024 жылы - 55 380 теңге);

қоғамдық көліктің ақысын төлемегені үшін 2 АЕК – 7 864 теңге (2024 жылы - 7 384 теңге);

жалдамалы пәтерде тіркеуге тұрмағаны үшін 7 АЕК – 27 524 теңге (2024 жылы - 25 844 теңге),

ал үйдің иесіне 10 АЕК – 39 320 теңге (2024 жылы - 36 920 теңге);

темекі тұқылын терезеден немесе балконнан лақтырғаны үшін 5 АЕК – 19 660 теңге (2024 жылы - 18 460 теңге);

қоғамдық жерде балағат сөз айтқаны үшін 20 АЕК – 78 640 теңге (2024 жылы - 73 840 теңге);

тыныштықты бұзғаны үшін 5 АЕК – 19 660 теңге (2024 жылы - 18 460 теңге);

көшені ластағаны үшін 10 АЕК – 39 320 теңге (2024 жылы - 36 920 теңге).