Баңдарлама аясында жыл сайын шамамен 250 бала қыстық киіммен қамтамасыз етіледі.
ERNUR.KZ. CDF қоғамдық қорының «Warm winter 2023» қайырымдылық жобасы басталды. Бұл туралы жобаның Instagram-дағы парақшасында жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жобаның мақсаты - халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың өмір сүру сапасы мен білім алуын дамыту.
«Бұл жоба жыл сайын балалардың алдында тұрған өзекті мәселелердің бірін шешуге көмектеседі, нақтырақ айтқанда балаларды жылы киіммен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сіздің балаға алып берген киіміңіз бен аяқ киіміңіз ақшадан да маңызды болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
«Warm winter» жобасы Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында осымен тоғызыншы жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Жыл сайын шамамен 250 баланы қыстық киіммен қамтамасыз етеді. Мәселен былтыр бағдарлама Қазақстан бойынша жүз шақты адамның басын біріктіріп, 292 баланы киіндіріп, жаңа жылдық шаттық сыйлауға көмектесті.