Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті такси жүргізушілері ресми тіркелу арқылы қандай пайда көретінін мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Елімізде "Яндекс.Такси" жүргізушілері ресми түрде тіркеле бастады. Пилоттық жоба Астана мен Алматыда өтіп жатыр, деп жазады Stan.kz
Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті такси жүргізушілері ресми тіркелу арқылы қандай пайда көретінін мәлімдеді.
"Мемлекеттік кірістер комитеті Астана және Алматы қалаларында “Яндекс” такси жүргізушілері үшін платформалық жұмыспен қамту бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Қазіргі уақытта қатысушылар саны 500-ден асты", – деп хабарлады комитет.
Оларға қандай артықшылықтар қарастырылған:
- Такси парктерінің делдалдық қызметтерін алып тастау, бұл ақшаны үнемдеуге және оларды салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуге бағыттауға мүмкіндік береді. Жүргізуші әлеуметтік қамтамасыз етіледі;
- Жеке кәсіпкер ретінде тіркеуді жеңілдетіледі. Жеке кәсіпкерлікті "Яндекс" платформасы арқылы салық органдарына бармай-ақ тіркеуге болады;
- Нақты алынған табыстан 1 пайызы мөлшерінде салық төлейді. Ал қызметкердің табысынан 10 пайыз мөлшерінде ұсталады;
- Есеп ұсыну және салық және әлеуметтік төлемдерді есептеу бойынша міндеттемелер болмайды.
"Жүргізушілердің келісімімен салық пен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды "Яндекс" жүргізеді. Бұл ретте әлеуметтік төлемдер такси жүргізушісінің алған табысының сомасына қарай айқындалады", – деп түсіндірді МКК.
Сондай-ақ комитет Glovo, Wolt, Enrive және т.б. сияқты компанияларды қосу қарастырылып жатқанын айтты.