Еліміздің бірқатар қаласында әйелдер шеруге шықты (видео)

0
922

​Еліміздің бірқатар қаласында әйелдер теңдік сұрап көшеге шеруге шықты. Олардың басым бөлігі қыз-келіншектердің саясатқа араласуын қолдайды.


Еліміздің бірқатар қаласында әйелдер шеруге шықты (видео)

ERNUR.KZ. Сонымен қатар, әйелдер зейнет жасын өзгертуді, әйел құқығының қорғалуын талап етті, деп жазады Экспресс К.

©t.me/orda_kz

Тура төл мерекелерінде көшеге шыққан қыз-келіншектердің негізгі ұраны өздерін ошақ басынан емес, үлкен саясаттан көру. Осы мақсатта бір топ әйел Алматыдағы Құрманғазы көшесіне жиналғанын Орда Telegram-арнасында жазды. Қолдарына ұстаған плакаттарда — әйел құқығын қорғау, теңдік талап ету, саясатқа араласуға мүмкіндік беру сынды лозунгтар жазылған.

Біраз уақыт ұрандатқан топ арасына қаланың белсенді феминистері де қосылды. Олар әйелдердің алдында сөз сөйлеп, өздерінің ұсыныс-талаптарын жеткізді.
©t.me/orda_kz


"8-ші наурыз гүл емес, теңдік берілсін". "Бүгінгі күннің ең маңызды сыйлығы патриархаттың құрдымға кетуі болар еді". "Әйелдердің орны — саясатта". "Әйел деген тек жатыр емес", - деген бағытта қарсылықтарын айтты.