Астананың Сарайшық ауданында тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақта бес жеңіл автокөлік өртенді.
Фото: ДСМ
ERNUR.KZ. Елордада автотұрақтағы 5 автокөліктің өртенуі салдарынан зардап шеккен бір адам жансақтау бөліміне түсті, деп жазады inform.kz.
- Науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Қазір оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетсек, Астананың Сарайшық ауданында тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақта бес жеңіл автокөлік өртенді.
Құтқарушылардың алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде, көліктердің барлығы ашық жалынмен жанып жатқан. Қатты желдің салдарынан жалын бір-біріне жақын тұрған көліктерге тез тараған.


