Елорда әуежайында Ashyq үшін төбелес болды

0
467

12 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды.


Елорда әуежайында Ashyq үшін төбелес болды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан әуежайына ұшу ережелерімен келіспегендер төбелес шығарды, деп жазады zakon.kz.

Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 19 мамырда болған.

Ұшақтан түсуші жолаушыны күтіп алатын адам Ashyq жүйесін елемей, ғимаратқа кіруге тырысты. Ол қосымша қызметін пайдаланғысы келмеді. Өтінішті де елемеді, керісінше қауіпсіздік қызметкеріне дене жарақатын келтіріп, қымбат жол талғамайтын көлікке мініп, оқиға орнынан қашып кетті, деп атап өтті әуежайдағылар.

Сонымен қатар, ол карантин талаптарын бұзды, өйткені ол бетпердесіз болған.

Полицияға хабарласқаннан кейін, төбелес шығарған адам табылды. Ол ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

12 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды.