Елордада қоғамдық көлік жолағымен жүргендерге айыппұл салынады

0
424

Жолдарға тиісті жол белгілері орнатылған.


Елордада қоғамдық көлік жолағымен жүргендерге айыппұл салынады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті 26 мамырдан бастап «Сергек» АӨК Қабанбай батыр даңғылы бойынша айналма жол айрығынан (Қарқаралы тас жолы) Сығанақ көшесіне дейін бір бағыттта учаскеде бөлінген қоғамдық көлік жолағы бойынша жол жүру бұзушылықтарын тіркеуді жаңартатынын мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Көрсетілген бағытта тиісті жол белгілері орнатылған, сондай-ақ осы жолақтың бар екендігі туралы хабардар ететін жол таңбасы салынған, бүгінгі күні олардың талаптарын сақтау міндетті болып табылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарын барынша мұқият болуды және жол қозғалысын реттеудің қолданыстағы техникалық құралдарының талаптарын басшылыққа ала отырып, қозғалысты жүзеге асыруды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Жол қозғалысы және қауіпсіздік бөлігіндегі барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша 53-27-74, 69-75-75, 71-69-77, whats аpp 8-708-382-13-76 телефондары бойынша Нұр-Сұлтан қ. ПД Әкімшілік полиция басқармасының колл-орталығына хабарласуға болады.