Елордада жеңіл көлік өртеніп кетті

0
105

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жедел сөндіріп, зардап шеккендер болған жоқ.


Елордада жеңіл көлік өртеніп кетті

Фото: BAQ.kz / Артем Чурсинов

ERNUR.KZ. Астананың Алматы ауданындағы Орхон көшесінде жеңіл автокөлік өртенді, деп жазады baq.kz.


Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, өртті қысқа уақыт ішінде толық сөндірді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі көлік иелерін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.