Еңбек заңнамасын бұзған лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Фото: pexels.com
ERNUR.KZ. Астана прокуратурасы мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің конституциялық құқықтарын қорғады, деп жазады inbusiness.kz.
Тексеріс нәтижесінде қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың 2100 қызметкеріне еңбекақы төлемеу, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік салықтар мен медициналық сақтандыру төлемдерін аудармау деректері анықталды.
Қадағалау актісін қарау нәтижесінде 1 млрд теңге мөлшеріндегі еңбекақы бойынша берешек толық өтелді.