Елордалық тұрғынның көлігінен 15 қап ақбөкен еті табылды

0
591

әртіп сақшылары түн жарымында Алматы-Екатеринбург тас жолымен келе жатқан көлікті тоқтатқан.


Елордалық тұрғынның көлігінен 15 қап ақбөкен еті табылды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында 15 қап ақбөкен етін алып бара жатқан елордалық ұсталды, деп жазады inbusiness.kz.

13 желтоқсанда Қарағанды облысы ПД Шет аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері облыстың ПД патрульдік полиция батальонының жасағымен бірлесіп “Ақбөкен” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізген.

"Тәртіп сақшылары түн жарымында Алматы-Екатеринбург тас жолымен келе жатқан көлікті тоқтатқан. Нұр-Сұлтан қаласының 48 жастағы тұрғыны басқарған көлікті тексеру кезінде 15 қап ақбөкен еті, кесілген карабин, патрондар тауып, тәркіледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз аулау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақыта тергеу амалдары жүргізілуде",- деп жазылған хабарламада.