Енді банктер ақшаңызды рұқсатсыз шешіп ала алады

0
105

Бұдан бөлек, банктерге шоттарды бұғаттау мен тыйым салу шараларына жедел әрекет ету міндеттелді.


Енді банктер ақшаңызды рұқсатсыз шешіп ала алады

Коллаж: Ulysmedia.kz

ERNUR.KZ. Ұлттық банк қолма-қолсыз төлемдер ережесін жаңартты, деп жазады ulysmedia.kz.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді банктер шот ашу кезінде биометриялық сәйкестендіруді қолданады. Сонымен қатар шоттар мен қаржылық операцияларға бақылау күшейтіледі.

Заңды негіз болған жағдайда (сот шешімі, салық органдары немесе атқарушылық іс жүргізу аясында) банктер клиенттің келісімінсіз-ақ шоттан қаражатты есептен шығара алады.

Бұдан бөлек, банктерге шоттарды бұғаттау мен тыйым салу шараларына жедел әрекет ету міндеттелді. Мемлекеттік органдарға ақпарат беру мерзімі үш жұмыс күніне дейін қысқартылды.

ҚАУЛЫ ҚАШАН КҮШІНЕ ЕНЕДІ?

Қашықтан шот ашу кезінде міндетті түрде мемлекеттік жүйелер арқылы биометриялық идентификация жүргізіледі. Ал төлем жасау тәсілдері кеңейтіліп, енді QR-код, биометрия немесе телефон нөмірі сияқты балама деректер арқылы да операция жасауға мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ банктік үзінді көшірмелерде енді тек ақша қозғалысы ғана емес, шоттағы шектеулер, тыйымдар және орындалмаған талаптар да көрсетілуі тиіс.

Жаңа қаулы сәуір айының соңында күшіне енеді.

Бұған дейін салық органы 15 сәуірден бастап қазақстандықтардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді талдауды бастайтынын жазған болатынбыз.