Енді қазақтың тойларында туыстармен қатар шетелдік туристерді де кездестіруге болады.
Фото: vlast.kz
ERNUR.KZ. Енді қазақтың тойларында туыстармен қатар шетелдік туристерді де кездестіруге болады. Қазақстандық стартаптардың бірі дәстүрлі отбасылық мерекелерге билет сататын ерекше жобаны іске қосуды жоспарлап отыр, деп жазады stan.kz.
Онлайн платформа арқылы шетелдік қонақтар нағыз қазақы тойларға, қыз ұзату рәсімдеріне және басқа да отбасылық салтанаттарға билет сатып ала алады.
Жобаның ұраны – “Турист емес, қонақ бол”. Платформа саяхатшыларға әдеттегі экскурсиялардың орнына қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын тойға қатысу арқылы жақынырақ тануға мүмкіндік бермек. Ол үшін сайттан өздеріне қолайлы қала мен күнді таңдай алады.
Жоба авторларының айтуынша, бұл бастама қазақстандық отбасыларға той шығынының бір бөлігін өтеуге көмектессе, туристік компанияларға жаңа бағыттар мен саяхат бағдарламаларын ұсынуға мүмкіндік береді.


