Энергетиктердің жалақысы жыл сайын өсетін болды

0
177

Мұны ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтің отырысында айтты.


Энергетиктердің жалақысы жыл сайын өсетін болды

Фото: canva.com

ERNUR.KZ. Ведомство басшысының сөзінше, өндірістік қызметкерлердің жалақысын жыл сайын 15 пайызға өсіру жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, еңбек жағдайын жақсарту бағытында салада көптеген жұмыс атқарылмақ. Тіпті, "Үздік маман" кәсіби шеберлік байқауын және KMG World Skills ұлттық чемпионатын өткізу, "Еңбек жолы" республикалық байқауын ұйымдастыру жоспарланған.

– 2025 жылдан бастап энергия өндіруші кәсіпорындарда өндірістік қызметкерлердің жалақысын жыл сайын 15 пайызға өсіру жоспарлануда. Отын-энергетика кешені салалық кәсіподақтарының жұмысын жандандыру, жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту, лайықты еңбекақыны қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Салалық келісімдерді жаңарту да көзделген, – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Министрдің сөзінше, Мұнай және газ саласы қызметкерлері күні, Энергетика қызметкерлері күні, Атом өнеркәсібі қызметкерлері күні және Бұрғылаушылар күні де жоғары деңгейде аталып өтіледі.

Сондай-ақ, жұмысшы мамандықтардың имидждік-ақпараттық роликтерін, бейнесұхбаттар мен бейнероликтер түсіру, ашық есік күндерін өткізу және жастарға арналған техникалық мамандықтарды танымал ету үшін кәсіптік бағдарламалар жасау ісі де жалғасын табады.