Мұрат Нұртілеу премьер-министрдің орынбасары - сыртқы істер министрі қызметінен босатылды.
Фото:gov.kz
Ермек Көшербаев сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Ермек Көшербаев 2025 жылғы 14 ақпанда Президент Жарлығымен премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған болатын.