Fix Price акционерлері компанияның Қазақстанға көшуін мақұлдады

0
533

Fix Price – Ресейдегі ең ірі төмен бағадағы дүкендер желісі.


Fix Price акционерлері компанияның Қазақстанға көшуін мақұлдады

ERNUR.KZ. 9 қарашада Fix Price акционерлері кезектен тыс жиналыста компанияны Кипрден Қазақстанға қайта тіркеуді мақұлдады, деп жазады ulysmedia.kz.

Шешім көпшілік дауыспен қабылданды. Алайда, компаниядағылар көшу процесі 2024 жылдың екінші жартысынан ерте аяқталмайтынын атап өтті. Сонымен қатар, Fix Price өзінің ұйымдастырушылық-құқықтық мәртебесін сақтай отырып, орналасқан жерін Кипрден көшіруге ниетті.

Fix Price – Ресейдегі ең ірі төмен бағадағы дүкендер желісі. Компанияның Ресей Федерациясында және жақын шет елдерде 6 мыңнан астам дүкені бар. Ол Ресейдің 80 аймағында, сондай-ақ Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Латвия және Өзбекстан аумағында жұмыс істейді. Қазақстанда Fix Price 262 дүкенді басқарады және 1,5 мыңнан астам қызметкері бар.

Бұдан бұрын Fix Price AIX биржасының баға белгілеу тізіміне енгені хабарланған.

Бұл ірі ресейлік компаниялардың Қазақстанға алғашқы релокациясы емес. Бұған дейін Ресейдің ірі алтын өндірушілерінің бірі Polymetal акциялары Қазақстанға тіркелгеннен кейін Astana International Exchange биржасының индексіне енген болатын.