Гранттардың жаңа түрі беріледі - Саясат Нұрбек

0
74

Жаңа гранттар заңмен бекітілген.


Гранттардың жаңа түрі беріледі - Саясат Нұрбек

фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Биылдан бастап арнайы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмысқа гранттардың жаңа түрі беріледі. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Жаңа гранттар заңмен бекітілген.
"Осы жылдан бастап сол гранттарды беру басталады. Сондай-ақ, ғылыми жобаларды коммерцияландырудың талаптары бөлек болуы керек. Осы талаптардың арнайы ережесі шығатын болады", - деді Нұрбек Құрылтайдың бүгінгі отырысында.
Осы орайда министр ғылыми гранттарды қаржыландыру әлі де кешіктірілетініне ерекше тоқталды.
"Шын мәнінде, бұл - өте үлкен мәселе. Ол әлі күнге дейін толыққанды шешілмеген. Біздің министрлік те оны шеше алмады", - деді Нұрбек.

Айта кетері, бүгін ғылым саласындағы аудиттің нәтижесі жарияланды. Оған сәйкес, 141 жобаның ішінде небәрі 38 жоба немесе 27%-ы ғана соңғы 3 жылда өнімді тұрақты түрде сата алған.