Бұған дейін ол әлеуметтік қамсыздандыру саласын цифрландыру қағаз жүзінде негізсіз жазылған мәліметтер ашып жатқанын айтқан еді.
Фото: Kazinform
ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Сенат кулуарында журналистерге әлеуметтік көмекті саралап төлеудің жаңа тәртібінің мәнін түсіндірді, деп жазады inform.kz.
— Бүгінгі таңда бұл тәртіпті ілкі жоба ретінде Шымкент қаласы мен Қарағанды облысында іске асырып бастадық. Кейін оны бүкіл республикаға тарату жоспары бар. Бірақ таратпай тұрып нормативтік-құқықтық актілер қабылдау керек. Біз мемлекеттен әлеуметтік көмек алып жүргенімен иелігінде коттеджі, 2-3 көлігі бар азаматтарды анықтадық. Көпбалалы аналардың арасында ондайлар бар деп нақты айта алмаймын. Бірақ 6-санатқа отбасылар көп арасынан ондай фактілер көп. Бұл отбасыларда 800 мыңнан астам адам тұрып жатыр, — деді министр.