Мәжілісмендер өмір бойына сотталған педофил 20-30 жылдан кейін бостандыққа шығуы мүмкін деп қауіптенеді. Өйткені жаңа заңдар қабылдануы мүмкін.
ERNUR.KZ. Қазақстандық депутаттар педофилдерге өмір бойына бас бостандығынан айырылған күннің өзінде хирургиялық кастрация жасауды ұсынып отыр, деп жазады sputnik.kz.
Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Игорь Лепеха мұндай норманы заңға енгізу үшін үкімет шешім қабылдауы керектігін атап өтті.
Ол Қазақстан азаптауға қарсы конвенцияға қосылғанын еске салды.
"Меніңше, бұл азаптауға жататын сияқты. Денсаулық сақтау министрлігіндегі әріптесім кастрация мәселенің шешімі емес дейді, өйткені педофилия – басқа органдардың емес, бастың проблемасы. Сондықтан бұл мәселені кешенді түрде шешу керек. Мен бұған қарсымын немесе қаламаймын деп айтып тұрған жоқпын", - деді Игорь Лепеха.
Депутат Ернұр Бейсенбаев депутаттардың ұстанымын бірнеше рет білдіріп, бұл норманың заңға енгізілуін үкімет қолдамайотырғанын айтты.
"Педофилдерге жаза қатайтылып жатыр – енді өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Бірақ 20-30 жылдан кейін бостандыққа шықпауына кепілдік жоқ, өйткені жаңа заңдар қабылдануы мүмкін", - деп түсіндірді депутат.