ІІМ Олеся Кексельге қатысты тергеу шараларын бастады

0
687

Олеся Кексель биыл мамырда арнайы прокурорлар қызметінің басшысы қызметінен босатылған еді.


ІІМ Олеся Кексельге қатысты тергеу шараларын бастады

ERNUR.KZ. Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты тергеу шараларын басталды. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ баспасөз қызметі растады, деп жазады Tengrinews.kz.

Сондай-ақ, ведомствоның баспасөз қызметіндегілер прокурор Бауыржан Ғаббасовқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады. Өзге ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес әзірге айтылмайтыны хабарланды.

Еске салсақ, Олеся Кексель биыл мамырда арнайы прокурорлар қызметінің басшысы қызметінен босатылған еді. Ол бұл қызметті 2018 жылдың қаңтарынан бастап атқарған. Мұның алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Тергеу департаменті басшысының орынбасары болған.

2017 жылы Олеся Кексель "Жылдың мемлекеттік қызметкері" атанды. Ол ең күрделі сыбайлас жемқорлық істерімен айналысып, II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.