Илон Масктың қазақстандық студенттермен кездесуі кейінге шегерілді

0
455

Бастапқыда онлайн конференцияға мыңға жуық студентті қосу жоспарланған болатын. Енді шектеулі қатысушыға ғана сілтеме жіберіледі.


Илон Масктың қазақстандық студенттермен кездесуі кейінге шегерілді

ERNUR.KZ. Америкалық кәсіпкер, Tesla мен SpaceX негізін қалаушы Илон Масктың қазақстандық студенттермен онлайн кездесуі 28 мамырға ауыстырылды, деп жазады sputnik.kz.

"Бастапқыда біз қатысуға ниет білдірген барлық адамның ZOOM конференциясына кіру мүмкіндігін қарастырған едік. Алайда бізге мың орынға жиналыс өткізуге рұқсат бермеді. Мұндай шешімді Илон Масктың менеджерлері қабылдайды. 28 мамырда біз өз студенттерімізді ғана қоса аламыз, колледжде - 86 студент бар. Біздің оқытушылар да қосыла алады", - деді Талғат Төремұратов.

Ақтөбеде орналасқан колледж студенттері Илон Маскқа сұрақтар дайындады, деп атап өтті Төремұратов.

"Студенттерді Илон Маскты физика, ғарышты зерттеуге не итермелегені, ол жеткен жетістікке қалай қол жеткізуге болатыны қызықтырады", - дейді ол.

Бұған дейін Илон Масктың қазақстандық студенттермен 15-20 минуттық онлайн-кездесу өткізетіні хабарланған болатын.

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Қазақстан Илон Масктың SpaceX компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады. Министрлік мақсаты - елдің барлық елді мекендерін интернетпен қамтамасыз ету. Телепорт станциясын Алматы маңында орналастыру туралы алдын-ала келісім де бар.