Қақтығыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімі әзірленіп жатыр

0
189

Тексеру аяқталған соң азаматтардың қалыптастырылған тізімі Ресей тарапына жіберіледі.


Қақтығыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімі әзірленіп жатыр

фото: официальный аккаунт МИД Казахстана в Facebook

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігі қақтығыс аймағында жүрген Қазақстан азаматтарының өтініші бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Министрліктің мәліметінше әлеуметтік желіде көмек сұрап, бейнеүндеу жариялаған азаматтарға қолдау көрсету үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр.
"Оларды елге қайтару мәселесі бойынша ресейлік тараппен келіссөздер жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство жедел желіге келіп түскен әрбір өтініш мұқият тексерілетінін атап өтті. Тексеру аяқталған соң азаматтардың қалыптастырылған тізімі Ресей тарапына жіберіледі.