Қаңтар оқиғасынан қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетіледі

0
710

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштау рәсімінде айтты.


Қаңтар оқиғасынан қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетіледі

ERNUR.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасынан қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетуді тапсырды, деп жазады inform.kz

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштау рәсімінде айтты.

«Сол қасіретті оқиғадан бері 40 күн өтті. Бүгін марқұмдардың рухына құран бағыштау үшін мешітке арнайы келдім. Қаза болған адамдардың жақындарына тағы да көңіл айтамын. Мемлекет қаралы шаңырақтарды қараусыз қалдырмайды. Мен қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетуді тапсырдым», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қоры да осы қайырымдылық жұмысқа атсалысады деп ойлайтынын, енді халқымыздың тыныштығын бұзуға жол берілмейтінін жеткізді.