Қарағанды облысында оқу-жаттығу кезінде полицей көз жұмды

0
157

Оқыс оқиғаға қатысты ІІМ басшысы Ержан Саденов пікір білдірді.


Қарағанды облысында оқу-жаттығу кезінде полицей көз жұмды

Фото: Instagram/sadenov_online

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында оқу-жаттығу кезінде полиция қызметкері көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқыс оқиғаға қатысты ІІМ басшысы Ержан Саденов пікір білдірді.

«Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде болған жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкері А. Алиевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.
ІІМ марқұмның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді. Оқиға орнына менің орынбасарымның басшылығымен комиссия жіберілді. Тергеу барысы бақылауда», - деді министр.