Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Қордай ауданындағы мұғалімнің балаға күш көрсеткен видео тарады. Оқиға резонанс тудырғаннан кейін педагог көпшілік алдында үндеу жасап, бала мен ата-анасынан кешірім сұрады, деп жазады Stan.kz.
Ер адамның айтуынша, оқиға шамамен бір жыл бұрын болған. Сол кезде ол баланың анасынан кешірім сұрап, өзінің әрекетінің дұрыс емес екенін мойындаған.
Мұғалім өз үндеуінде сол сәтте эмоция бой алдырғанын түсіндірді. Ол әрекеті үшін баланың отбасынан тағы да кешірім сұрады.
"Бұл оқиға шамамен бір жыл бұрын болды. Оқиғадан кейін баланың анасынан кешірім сұрадым. Мұғалімге жат қылық жасағанымды түсінемін. Сол сәтте эмоцияға беріліп кеттім", – деді мұғалім.
Жамбыл облысының полициясы аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатқаны хабарланды. Құқық қорғау органдары оқиғаға байланысты тиісті шаралар қабылдап жатыр. Тексеру барысы мен педагогтің жауапкершілігіне қатысты нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау туралы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп жауап берді департамент.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


