Қарағандыда 8 жастағы қыз шаштараздар байқауында жеңімпаз атанды

0
575

25 минутта Альмира Қабденова қазылар алқасы мінсіз деп таныған шаш үлгісін жасап шыққан.


Қарағандыда 8 жастағы қыз шаштараздар байқауында жеңімпаз атанды

ERNUR.KZ. Қарағандыда 3-сынып оқушысы Альмира Қабденова "Әдемілік әлемі" шаштараз байқауында ең жас жеңімпаз атанды, деп жазады tengrinews.kz.

25 минутта Альмира Қабденова қазылар алқасы мінсіз деп таныған шаш үлгісін жасап шыққан.

Ата-анасының айтуынша, қыздың шаштаразға деген қабілеті бір жыл бұрын пайда болған. Қуыршақтарға күрделі шаш үлгілерін жасап жүргенін көрген ата-ана қызын Оқушылар сарайына апарған. Аз уақыттың ішінде Альмира сұлулық студиясының үздік студенттерінің біріне айналды.

"Өскенде жеке сән үйімді ашамын", - дейді кішкентай шаштараз.

Жаңа стилистер байқауға дайындалып, жүлделі орындарға ие болған. 8 жасар Альмираның "Жас шаштараз" сертификаты бар.