Сотталғанның қасындағылар оны байқамаған.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында ҚАЖД қызметкері сотталушыны құтқарып қалды, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 27 маусымда Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД №29 мекемесінде болған.
"Жасақтардың бірінде тәрбие жұмысын жүргізуге арналған бөлмеде сотталғанның тыныс алу жолдарына кәмпит тұрып қалған. Салдарынан сотталушының тыныс алу жолы бітеліп, тұншығып құлаған", - дейді баспасөз қызметі.
Сотталғанның қасындағылар оны байқамаған. Есінен танып құлаған сотталушыға жасақ бастығы Азамат Мергенғожин жедел көмек көрсеткен. Нәтижесінде сотталушы ажал тырнағынан аман қалды.