Қарағандыда коронавирустан аяғы ауыр келіншек қайтыс болды

0
888

Науқас 10 күн жансақтау бөлімінде жатқан.


Қарағандыда коронавирустан аяғы ауыр келіншек қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қарағандыда коронавирус инфекциясынан аяғы ауыр әйел қайтыс болды, - деп жазады tengrinews.kz.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, марқұм коронавирусты жүктіліктің 22-аптасында жұқтырған. Оны емдеуге бірден стационарға жіберген. Алайда ауру асқынып кеткен. Науқас 10 күн жансақтау бөлімінде жатқан. Қажет дәрі-дәрмек жеткілікті болған.

Алайда 33 жастағы ана мен баласын құтқару мүмкін болмаған.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 63 мыңнан асты. Соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырған 1759 адам анықталған.