Сайлауалды жиынға жергілікті тұрғындар, соның ішінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің мамандары қатысты.
"Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігі” атынан президенттікке кандидат Қарақат Әбден Есік қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сайлауалды жиынға жергілікті тұрғындар, соның ішінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің мамандары қатысты.
Жиын барысында ол сайлауалды бағдарламасын таныстырып, әлеуметтік сала, білім беру мен бала тәрбиесі жайлы өзекті сұрақтарға жауап берді.
"Балалар қауіпсіздігі басты назарда болуы керек. Балаларын асырау үшін кейбір ата-аналар күндіз-түні жұмыс істейді. Көп жағдайда олар балаларын қалдырып кететін жер таба алмай қиналады. Сондықтан тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашу керек деп ойлаймын”, – деді Әбден.
Кандидаттың мәлімдеуінше, бұл бастама сайлаушылар тарапынан қолдау тапты. Тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшаларды мемлекеттік негізде ашып, жұмыс уақытын ұзарту арқылы іске қосуға болады. Сондай-ақ, бұл мәселенің шешімі үлкен қаражатты қажет етпейді.
Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы өкілінің сайлауалды бағдарламасында аталған мәселе көрініс тапқан.
Айта кетейік, Қарақат Әбден бұған дейін Ақмола облысы, Қарағанды, Астана, Екібастұз, Семей, Павлодар және Талғар қалаларының тұрғындарымен жүздесті. Алдағы уақытта ол Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облысының сайлаушыларымен кездеседі.