Қарақат Әбден тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашу мәселесін көтерді

0
549

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Есік қаласының сайлаушылармен кездесу өткізді.


Қарақат Әбден тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашу мәселесін көтерді

ERNUR.KZ. Сайлауалды жиынға жергілікті тұрғындар, мектеп дейінгі білім беру мекемелерінің мамандары қатысты, деп жазады baq.kz.

Жиын барысында үміткердің сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, әлеуметтік сала, білім беру мен бала тәрбиесі жайлы өзекті сұрақтар көтерілді.

Балалар қауіпсіздігі басты назарда болуы керек. Балалардың жағдайын жасау үшін күндіз-түні жұмыс істейтін ата-аналар бар. Бірақ олар көп жағдайда балаларын қалдырып кететін жер таба алмай қиналады. Сондықтан тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашу керек деп ойлаймын. Сайлаушылар тарапынан бұл мәселе қолдау тапты. Тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшаларды мемлекеттік балабақшалардың негізінде ашып, жұмыс уақытын ұзарту арқылы іске қосуға болады. Бұл шешімнің бірден-бір артықшылығы – мәселе шешімі үлкен қаражат жұмсауды қажет етпейді, - деп айтты Қарақат Әбден.

Үміткердің айтуынша, аталған сұрақ оның сайлауалды бағдарламасында да көрініс тапқан.

Еске сала кетсек, Қарақат Әбден осыған дейін Ақмола облысы, Қарағанды, Астана, Екібастұз, Семей, Павлодар, Талғар қалаларының тұрғындарымен жүздескен еді. Алдағы уақытта оның Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облысының сайлаушыларымен кездесу өткізетіні мәлім.

Кеше Талғар қаласының тұрғындары мен осы аймақтағы шағын және орта бизнесті дамытып жүрген кәсіпкерлер Қарақат Әбденнің сайлауалды бағдарламасымен танысқан болатын.