Қарақат Әбденнің сайлауалды штабы насихат жұмыстарын бастап кетті

0
920

Штабтың үгіт-насихат тобы Қосшы қаласының тұрғындармен кездесу өткізді.


Қарақат Әбденнің сайлауалды штабы насихат жұмыстарын бастап кетті

ERNUR.KZ. ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің сайлауалды штабы сайлаушылармен кездесу өткізуде, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

22- қазан күні штабтың үгіт-насихат тобы Ақмола облысының Қосшы қаласының Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуге келгендерді үміткердің сайлауалды платформасының басты бағыттарымен таныстырды. Қ. Әбден өз бағдарламасының әрбір қазақстандықтың өміріне қалай әсер ететінін әңгімелеп берді. Кездесу барысында сайлаушылар белсенділік танытып, түрлі сұрақтар қойып, мәселе көтерді. Сұрақтардың дені әлеумет, инфрақұрылым, баспананы жақсарту туралы болды.

«Бүгін бізге Прездиенттіктен үміткер Қарақат Әбден келіп, өз бағдарламасының мәнін түсіндіріп берді. Өзім қаламыздың инфрақұрылымын дамытуға байланысты бірнеше сұрақтар қойдым» - дейді Қосшы тұрғыны Әлия Бекенова.

Қосшыда 60 мың тұрғын бар. Экономикасы дәстүрлі түрде Астанамен тығыз байланысты. Бұл қалаға да Қазақстанның басқа агломерациялары сияқты – халық санының өсуіне сай проблемалар тән.

Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау 20 қараша күні өтеді.