Карантин кезінде әуе жолаушыларына арналған ережелер айтылды

0
676

Міндетті түрде ПТР тестілеуі қажет.


Карантин кезінде әуе жолаушыларына арналған ережелер айтылды

ERNUR.KZ. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстандағы әуе жолаушыларына қойылатын талаптар туралы айтты, деп жазады Stan.kz.

"Бір қаладан екінші қалаға ұшу міндетті карантинді білдірмейді. Міндетті түрде ПТР тестілеуі қажет. Әрине, ПТР тесті адамның жұқпалы емес екендігіне 100% кепілдік бермейді. Тіпті теріс ПТР адамның ауырмайтындығына кепілдік бермейді. Алайда адамның белсенді секрециясы жоқ екенін түсінуге мұрша береді және жұқпалы еместігін түсінуге болады.

Екінші талап - қорғаныс құралдарының кию, міндетті қашықтықты сақтау. Ұшақтарда көрші орында адам отырмауы керек. Ұшақтағы қозғалыс шектеулі болуы керек. Біздің ойымызша, жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік беретін бірнеше талаптар осы", - деді Айжан Есмағамбетова.

Сонымен қатар ол тестілеу туралы анықтаманың жарамдылық мерзімі жеті күнге созылатындығын атап өтті.