Карантин кезінде қандай қызмет түрлеріне рұқсат етілетіні белгілі болды

0
790

Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметі сақталады.


Карантин кезінде қандай қызмет түрлеріне рұқсат етілетіні белгілі болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында , карантин кезінде қандай қызмет түрлеріне рұқсат етілетіні белгілі болды деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда:

  • Комиссия шешімімен мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйым қызметкерлерінің кемінде 80 пайызы қашықтан жұмыс істеу режимін сақтауы тиіс.
  • Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметі сақталады.

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметін сақталады:

  • ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары;
  • үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары;
  • ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары;
  • халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚО-лар, екінші деңгейлі банктер.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.