Жақында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылша өршіген өңірлерді атады.
ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі биылғы қараша айында елімізде болған эпидемиологиялық жағдайға түсінік берді, деп жазады Kazinform.
«Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне қарағанда, балаларға арналған 2911 орын бар, оның ішінде 139-ы реанимациялық. Елдегі аурухана төсек-орындарының шамамен 52 пайызында балалар емделіп жатыр. Ауру тез тараған өңірлерде резервтік орындар қамтамасыз етілген. Биыл 10 қарашадағы жағдай бойынша 2079 бала стационарлы тәртіпте емделіп жатыр», - делінген министрліктің Kazinform агенттіне берген жауабында.
Сонымен қатар елімізде күн сайын 300-ден астам бала ауруханадан емделіп шықса, ал 400-ге жуық бала емделуге барады.
Жақында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылша өршіген өңірлерді атады.
Республикада қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген, 82 пайыздан астамы балаларға тиесілі. Оның ішінде, 83 пайызы – екпе алмаған балалар.