Қарашығанақ кен орнының операторынан 2 млрд теңге айыппұл өндірілді

0
125

Нормадан тыс шығарылған заттардың мөлшері 13,8 тоннаны құрады.


Қарашығанақ кен орнының операторынан 2 млрд теңге айыппұл өндірілді

фото: Пресс-служба правительства Казахстана

ERNUR.KZ. Бас прокуратура мұнай өндіретін компаниядан ірі көлемде айыппұл өндірілгенін хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В." компаниясының қызметіне талдау жүргізген.
"Аталған компания қоршаған ортаны ластаушы заттарды шығарған. Нормадан тыс шығарылған заттардың мөлшері 13,8 тоннаны құрады", - деп жазылған хабарламада.
Жүргізілген талдаудың нәтижесінде уәкілетті органға ұсыну енгізілді.
Экология департаменті КПО б.в. компаниясына ҚР ӘКБтК-ның 328-бабымен хаттама толтырып, 2 млрд теңге айыппұл салды.
Айыппұл өндірілді, дейді бас прокуратурада.