​Қаржы министрлігі игерілмеу қаупі бар бюджеттік бағдарламаларды анықтады

0
1 733

Бюджетін қаражатын игере алмаған өңірлер арасында Астана қаласы - (9 млрд теңге), Қызылорда, Түркістан облыстары және Алматы қаласы (2 млрд теңге), Маңғыстау, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстары (1 млрд теңге) бар.


​Қаржы министрлігі игерілмеу қаупі бар бюджеттік бағдарламаларды анықтады

ERNUR.KZ. ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов игерілмей қалу қаупі бар бюджеттік бағдарламаларды атады, деп жазады ҚазАқпарат.

Министр орталық және жергілікті органдармен селекторлық жиналыс өткізіп жатқанын хабарлады. Олардың бюджеттік қаражатты игерудегі мәселелерін шешуге және жеделдетуге әдістемелік, техникалық және басқа да көмектер көрсетілуде.

«Осы жұмыстың нәтижесінде, бірқатар әкімшілер мен жергілікті органдарда игерілмеу қаупі бар бағдарламалар анықталды. Қазіргі уақытта әкімшілермен бюджет заңнамасына сәйкес игерілмеу қауіпі бар бюджеттік бағдарламалардың жылдық сомасының 10% қайта бөлу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс қортындысын 15 қарашада жариялаймыз. Бірақ, Білім және ғылым министрлігі тарапынан жергілікті органдарға берілген мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге арналған нысаналы трансферттер 6,3 млрд теңгеге орындалмайды. Ол соманы қайта бөлу де мүмкін емес. Өйткені барлық өңірлерде осы трансферт бойынша қаражаттың артығымен жоспарланғаны анықталды», - деді Ә. Смайылов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сонымен бірге, қаржы министрі жергілікті бюджет шығындарының 3 трлн 900 млрд теңгені құрағанын, оның 68 млрд теңгесі игерілмегенін жеткізді.

«2018 жылдың алғашқы 10 айында өңірлерге 592 млрд теңге нысаналы трансферттер аударылды. Жергілікті деңгейде олардың 95,4% немесе 565 млрд теңгесі игерілді. Атқарылмаған 27 млрд теңгенің 3 млрд теңгесі бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған. Сонда игерілмеген 24 млрд теңге қалады. Бұл өткен жылдың 10 айындағы игерілмеу сомасынан 2,1 есеге кем (2017 жылы - 52 млрд теңге)», - деп түсіндірді Ә. Смайылов.

Бюджетін қаражатын игере алмаған өңірлер арасында Астана қаласы - (9 млрд теңге), Қызылорда, Түркістан облыстары және Алматы қаласы (2 млрд теңге), Маңғыстау, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстары (1 млрд теңге) бар.