Ол элиталық Esentai City тұрғын үй кешеніндегі төрт вилланы сатып алушының 1 млн долларын жымқырды деп айыпталды.
ERNUR.KZ. Медеу аудандық N2 соты танымал кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты үкімін жариялады, деп жазды inbusiness.kz.
Ол элиталық Esentai City тұрғын үй кешеніндегі төрт вилланы сатып алушының 1 млн долларын жымқырды деп айыпталды.
"Әбдіғаппаров Алмас Алтайұлы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемесінде жазасын өтейді", – деді үкімді жариялаған судья Тұрсынхан Саликов.
Сондай-ақ сот жәбірленушілердің талабын толығымен қанағаттандырып, Әбдіғаппаровтан 418 млн теңге өндіріп беру туралы шешім шығарды.