Каспийде тағы итбалық қырылды

0
586

Тексеруден кейін өлген итбалықтардың жалпы саны 64 екені анықталды.


Каспийде тағы итбалық қырылды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында 64 өлі итбалық пен бес бекіре балығы табылды. Экологтар Каспий теңізінің жағалауын зерттеп жатыр, деп жазады zakon.kz.

Lada басылымында атап өтілгендей, өлекселер Форт-Шевченко теңіз порты маңында табылған.

Экологтар мен жергілікті атқарушы органдардан бірлескен жұмыс тобы құрылды. Аумаққа зерттеу жүргізілді.Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының баспасөз қызметі

Тексеруден кейін өлген итбалықтардың жалпы саны 64 екені анықталды, тағы бес бекіре табылды.

Итбалық пен балық өлекселерінің жағаға шығарылуына бір күн бұрын соққан күшті дауылды оңтүстік-батыс желі себеп болды. Өлекселер шіріп жатыр. Зертханалық зерттеу үшін өлген жануарлардан сынамалар алынып, тоңазытқышқа қойылды.Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының баспасөз қызметі

Сондай-ақ су және ауа сынамалары алынған.

Айта кету керек, бұл бірінші «жағдай» емес. 2022 жылғы 27 сәуірде Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігінің жағалауын зерттеу кезінде 94 өлі итбалық табылды.

Ол кезде ҚР Экология министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті жағалауға мониторинг жүргізіліп жатқанын атап өткен-ді.