Бұл туралы сайлау науқаны аясындағы ОСК-ның 28-отырысында айтылды.
ERNUR.KZ. ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров кезектен тыс президент сайлауының соңғы қорытындысын айту барысында Мемлекет басшысы қашан ант беретінін айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Кандидаттар бойынша дауыстардың соңғы нәтижесі айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайызбен сайлауда жеңіске жетті.
«ОСК халық сайлаған Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Президенті ретінде тіркеді. Заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысына тиісті куәлік тапсырылады. Президент антты 26 қарашада береді», - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.