Қатты жел соғады, үсік жүреді: ертең ауа райы қандай болады

0
660

Қазақстанның кей өңірінде шаңды дауыл күтіледі.


Қатты жел соғады, үсік жүреді: ертең ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" орталығы мамандары 4 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

4 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 метр секунд болады деп күтіледі. Қызылорда аласында күндіз шаңды дауыл болады.
4 мамырда түнде Павлодар облысында кей жерлерде солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 метр секунд сақталады. Павлодар қаласында түнде 4 мамырда солтүстіктен жел соғады.
Ақмола облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 метр секун болады деп күтіледі. Түнде кей жерлерінде 3 градус үсік болады. Көкшетау қаласында түнде 1-3 градус үсік болады.
Нұр-Сұлтанда 1-3 градус, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 2 градус үсік болады.