Қаза болған бар ма: Полиция жүргізушілер арасындағы төбелеске қатысты түсініктеме берді

0
644

Әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысында жолда жүргізушілер арасында жанжал шыққаны туралы ақпарат пайда болған.


Қаза болған бар ма: Полиция жүргізушілер арасындағы төбелеске қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының полиция департаменті жолда жүргізушілер арасындағы жанжалға қатысушының ұсталғаны туралы айтты, деп жазады baq.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысында жолда жүргізушілер арасында жанжал шыққаны туралы ақпарат пайда болған. Бірнеше шетелдік азаматты соққыға жыққаны хабарланды.

13 ақпанда Ақтөбе облысының полиция департаменті жүк көлігін жүргізетін жүргізушілер арасындағы жанжалға қатысушылардың бірі анықталып, ұсталғанын хабарлады. Полицейлер жанжал кезінде адам қаза болды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Қазақстан Республикасының азаматтары арасында кикілжің болып, оның соңы төбелеске ұласып, бір адам зардап шеккені анықталды. Қайтыс болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қалған күдіктілерді ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.