Қаза тапқан кеншілердің балаларына барлық қажетті қолдау көрсетіледі

0
885

Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша қаза тапқан кеншілердің балаларына барлық қажетті қолдау шаралары көрсетілетін болады.


Қаза тапқан кеншілердің балаларына барлық қажетті қолдау көрсетіледі
ERNUR.KZ. Костенко шахтасындағы өрттен қаза тапқан кеншілердің балаларына барлық қажетті қолдау шаралары көрсетіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен мәлім етті, деп жазады inform.kz.

Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты Оқу-ағарту Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады. Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша қаза тапқан кеншілердің балаларына барлық қажетті қолдау шаралары көрсетілетін болады», - делінген комитеттің Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, Қарағанды облыстық білім басқармасының жанынан қаза тапқан және зардап шеккендердің балаларына көмек көрсету үшін Оқу-ағарту министрлігінің, білім басқармасының, Қарағанды облысының Бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкілінің, мектептердің, әлеуметтік педагогтардың, педагог-психологтардың өкілдерінен тұратын мобильдік топ құрылды.

Мобильді топ жұмысының аясында балалардың тізімдері қалыптастырылуда. Қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларынан шыққан балаларға жан-жақты психологиялық көмек көрсетіледі.