«Қазақфильм» ұлттық киностудия болып қайта құрылады

0
995

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.


«Қазақфильм» ұлттық киностудия болып қайта құрылады

ERNUR.KZ. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулы әзірледі, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Нақтырақ айтсақ, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы» АҚ болып қайта құрылады.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудия» акционерлік қоғамы Мемлекеттiк фильмдер қоры киноколлекциясының сақталып қалуын қамтамасыз етуге, сақтауға, көшірмесін түсіруге, көбейтіп таратуға, прокаттауға жəне көрсетуге бағытталған іс-шараларды іске асыратын заңды тұлға болып айқындалады.

Аталған өзгеріс фильмдердің сапасын арттыру, сондай-ақ шетелдік кинокомпанияларды субсидиялаудың мемлекеттік операторы функцияларын іске асыру арқылы шетелдік инвестициялар тарту мақсатында енгізіліп отыр.

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды. 15 қарашаға дейін қоғам талқылауында болады.