"Қазақмыстың" шахтасында жұмысшы қаза тапты

0
959

Қайғылы оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жиналады.


ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға 19-шілде күні ЖШС "Қазақмыс Корпорациясының" Оңтүстік-Жезқазған кен орнында болды. Жас жігіт жарақаттардан қаза тапты деп жазады Qamshy.kz.

"Жас жігіт бұрғылаушының көмекшісі болып жұмыс істеді. Ол 1991 жылғы болып шықты. Кен орнында жұмыс кезінде жарақат алып, қаза тапты. Компания басшылығы мен ұжымы жігіттің туысқандары мен жақындары көңіл айтты", - деді ЖШС "Қазақмыс Корпорациясының" баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, қайғылы оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жиналады.