Қазақстан АҚШ-қа 49 жылға жер береді

0
125

Келісімге былтыр 27 қыркүйекте Нью-Йоркте Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасында қол қойылған.


Қазақстан АҚШ-қа 49 жылға жер береді

фото:ulysmedia.kz.

ERNUR.KZ. Алматыда АҚШ консулдығын үй-жайын салу үшін 70 мың шаршы метр жер беріледі, деп жазады ulysmedia.kz.

Тиісті заң жобасы бүгін мәжіліске келіп түсті. Келісімге былтыр 27 қыркүйекте Нью-Йоркте Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасында қол қойылған. Ол бойынша Алматыда АҚШ консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін сол елдің үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялануы керек.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспанның айтуынша, келісімнің мақсаты – АҚШ үкіметіне Алматы қаласындағы АҚШ консулдық мекемесінің үй-жайларын салу және пайдалану үшін 49 жыл мерзімге ауданы 70 мың шаршы метрден асатын жер учаскесін жалға беру. Келісімде жер учаскесін беру тәртібі мен шарттары айқындалған. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға қорытынды әзірлеуге дайын дейді ол.